Ә.Мәмиев атындағы ном кмм 2021-2022, 2022-23, 2023-24 оқу жылдарындағы мемлекеттік аттестацияның тәрбие жұмысының құжаттары » Жамбыл аудандық мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әбдіразақ Мәмиев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ә.Мәмиев атындағы ном кмм 2021-2022, 2022-23, 2023-24 оқу жылдарындағы мемлекеттік аттестацияның тәрбие жұмысының құжаттары
13
октябрь
2023

Ә.Мәмиев атындағы ном кмм 2021-2022, 2022-23, 2023-24 оқу жылдарындағы мемлекеттік аттестацияның тәрбие жұмысының құжаттары


Ә.Мәмиев атындағы ном кмм 2021-2022, 2022-23, 2023-24 оқу жылдарындағы мемлекеттік аттестацияның тәрбие жұмысының құжаттары



2021-2022 оқу жылы бойынша, 27 тамызда сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті. Онда, жаңа 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру мақсатында сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті. Сынып жетекші жұмысының әдістемесі атты әдістемелік ұсыныстар бойынша көмек көрсетілді (жоспар құру). 

2022-2023 оқу жылында  сынып жетекшілер бірлестігі «Мектепті жаңғырту жағдайында сынып жетекшінің қызметі» тақырыбында жұмыс жасайтыны анықталды. 24 тамыз 2022 жылы сынып жетекшілермен   өткен отырыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Маймышева «Сынып сағатын дайындау мен өткізу жаңа әдіс тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік жұмыс ткізді.  Тәжірибелік алаңда  сыныпта сынып сағаттарын ұйымдастыруда басшылыққа алатын қағидаларды атап көрсетіп әр сынып жетекшіге барынша әдістемелік көмек ұйымдастырылды. 2022 жылдың 24 қазанда сынып жетекшілермен әр түрлі жастағы сынып оқушыларымен сабақты ұйымдастыру жолдарымен таныстырды. 


2022-2023 оқу жылы   Аудандық «Мектеп лигасы»бойынша 9-11 сынып оқушы қыздар арасында өткен аудандық футбол жарысында І-орырңа ие болды. Аудандық «Ұлттық лигасы» бойынша 7-8 сынып оқушы қыздар арасында өткен жеңіл атлетика жарысында ІІ-орынға ие болды. Аудандық «Ұлттық мектеп лигасы» бойынша 7-8 сынып оқушы қыздар арасында өткен аудандық футзал жарысында ІІ-орынға ие болды. Аудандық «Ұлттық мектеп лигасы»бойынша 9-11 сынып оқушы қыздар арасында өткен аудандық футзал жарысында ІІІ-орынға ие болды. Аудандық «Ұлттық мектеп лигасы» бойынша 7-8 сынып оқушы қыздар арасында өткен аудандық футбол жарысында ІІ-орынға ие болды.


Халықаралық немесе республикалық, өңірлік немесе облыстық, қалалық немесе аудандық  спорттық, мәдени  шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлер

Аудандық 

Облыстық

Республикалық

2021-2022

0

3

1

2022-2023 

5


0

Барлығы

5

3

1



 Отбасы тәрбиесін жандандыру. Ата-анамен жұмыс. Жыл бойы ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне қатыстыру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар мектеп кеңесінің жұмысына, семинарларға, сыныптан тыс іс-шараларға, ашық тәрбие сағаттарға белсенділікпен қатысты. Жыл бойы қоғамдық тыңдаулар, құқықтық лекторийлер, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстелдер, сынып жиналыстары жоспар бойынша өткізілді.  Жиналыс барысында сынып жетекшілер топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізіп, лекция, педагог-психолог тарапынан тренингтер жүргізілді. Жиналыстар өз уақытында өткізіліп, ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі жөнінде айтылып, жалпы ата-аналардың оқу-тәрбие саласындағы рөлі, жауапкершілік, балаға уақыт бөле білу, мұғаліммен бірігіп жұмыс жасау қаралды. 

 «Сіз қандай ата-анасыз»  тақырыбында   тренинг  жүргізілді. Ата-анамен бірлесе ұйымдастырылған іс-шаралар оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, тәрбие жұмыстарымен   байланыстырады, нәтижеге бағыттайды, ата-аналармен кері байланыс жасайды. Бәсекеге қабілетті болуға сапалы білім мен саналы тәрбие қажет екендігін түсіндіреді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Маймышева педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға: «Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы үшін шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесі туралы» 2021 жылдың, 22 қазан күні мектепішілік ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы өткізді. Жиналысқа 32 ата-ана қатысты. 1-9 сыныптар арасында сынып сағаттар өтті, сынып сағатына – 72 оқушы қамтылды. Мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылардың жайлы оқу ортасын құруға мүмкіндік береді, кәмелетке толмағандардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, құқықбұзушылық немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттер фактілерін анықтауға және алдын алуға ықпал ететіні түсіндіру жұмысында айтылды.  

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбиелеу-құқықтық   тәрбие беру  Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілген іс-шаралар оқушылардың Қазақстан Республикасы заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған, қазан айында «Құқық айлығы» өтті. Қазан айына арналған құқықтық тәрбие айлығының жоспары жүйелі орындалды. Мысалы: «Мен және менің құқығым» тақырыбында құқық пәнінің мұғалімі Усенбаева Е 8-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел  өткізді. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен  «Бақытты отбасы», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Мектеп психологы  Нурдильдаева Қ « Отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  1-4 сынып жетекшілері «Зорлық-зомбылық дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.5-9 сынып жетекшілері «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбына тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін ашық түрде білдіре алды.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанының   қорытындысы жазылып сынып жетекшілер арасында талқыланды. Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру  мақсатында, мектепте радикалды діни әрекеттің алдын алу жөнінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп келеді. Бекітілген жоспарға сәйкес діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға  арналған іс-шаралар жоспарына   сай   мектепте ақпараттық-түсіндірме, ата-аналар мен оқушылар арасында алдын алу шараларын  насихаттайтын кеңестер,  жиналыстар жүргізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасымен 22-25 қаңтар аралығында Халықаралық интернетсіз бір күн атты «Мен OFFLINE» республикалық акция барысында «Интернетсіз бір күн» тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Кітапханада 5-8 сынып оқушылар арасында «Интернет орнына бір кітап» тақырыбында акция өтті, оқушылар бір күнін кітап оқуға арнап, жаңа кітаптар көрмесімен танысты. Акция ұраны: «Интернет-бір күндік, кітап-мәңгілік». Мектеп психологы Қ.Нурдильдаева «Қауіпті интернет» тақырыбында оқушылар арасында тренинг өтті. Интернеттің зияны туралы оқушылар білімдерін нығайтты. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға көмектесіп және оған қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс істеуде.


 Кітапхана  кызметкерінің   ұйымдастыруымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалды. «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында мектептің «Адал ұрпақ» клубының ересектер мен жасөспірімдер арасында пікір талас ойыны өтті. 

Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілген іс-шаралар оқушылардың Қазақстан Республикасы заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған, қазан айында «Құқық айлығы» өтті. Оқу жылының басында мектеп пен Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция құрамы полиция тобының ювеналдық аға инспекторы, полиция майоры Н.Тоқтарбековамен бірігіп атқаратын жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізіліп келді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың салдары және себептері туралы жоспар бойынша тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел мен конференциялар өткізілді. Қазан айына арналған құқықтық тәрбие айлығының жоспары жүйелі орындалды. 

14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысы туралы не білеміз?» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді, оған Жамбыл ауданындағы ауған соғысының ардагері шақырылып, оқушылармен  кездесу өтті. Мамыр айында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Маймышева   тарапынан «1-мамыр – Бейбітшілік пен келісім күні» іс-шара өткізді, «7-мамыр – Отан қорғаушылар күні» патриоттық ән байқауы өткізілді.

Ата-аналарға арнайы түсірген «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыпта директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Маймышева  бейнежазбасын ұсынып, ата-аналар чатына ақпарат ретінде көрсетілді және оны мектептің әлеуметтік парақшасына жарияланды.

2021-2022 оқу жылы, 1-қыркүйекте «Кел балалар-оқылық!» 1-ші сыныптар үшін, 2-9 сыныптар үшін «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыптарында білім күнінің сынып сағаттары оқу кабинеттерінде, белгіленген кесте бойынша жүйелі өтті. «Заң білмеген зардап шегеді» атты құқықтық білім беру айлығына жеке жоспар құрастырылып, өткізілді. «Құқықтық сана-қоғамға пана» жоба аясында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өтті.Ұлы педагог, қоғам қайраткері, қазақ ұстаздарының ұстазы – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 9- сыныптың оқушылары қатысты.  Мақсаты – Ы.Алтынсариннің өмір – тарихымен тереңдете таныстыру, шығармаларынан үлгі-өнеге, өсиет алу, білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру. Бұл дөңгелек үстелде Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары, көзқарастары, бүгінгі заман талабына негізделе отырып әр қырынан ашылды, еңбектері мен шығармаларының өзектілігіне аса назар аударылды.

Республикалық көлемде Алматы облысы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бірыңғай ашық тәрбие  сағаттары өткізілді. Осыған байланысты біздің мектептің сыныптарында да кезектен тыс  тәрбие сағаттары өтіп, оқушылармен бірлесе тәуелсіздігіміздің 30 жылда жеткен жетістіктері сөзге тиек етілді. Жалпы «Құқықтық білім беру» бағдарламасын орындау барысында мектепте 8-9 сыныптар арасында жиналыс өткізілді.  Бұл жиналысқа Жамбыл АІІБ ЮПТ-ның полиция   капитаны Н.Тоқтарбекпен «Құқық бұзушылық және қылмыстың  алдын-алу шаралары» тақырыпта  сұхбат жүргізді. Кездесу барысында инспектор оқушыларға мынадай қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді. Сұхбаттың соңында оқушылар өз сауалдарына жауаптар алды. Онда заң баптарын талқылап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кері байланыс жүргізіліп, алынды. 


Құқық бұзушылықтың алдын алу. Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық кеңес құрылды. 

.

2021-2022 оқу жылының мектебімізде мектепшілік, аудандық ІІБ КТІЖБ есебінде тұрған оқушы жоқ. Сәтсіз отбасы жоқ. Өгей әке шешемен тұратын оқушы жоқ

2022-2023 оқу жылы басынан мектебімізде мектепшілік,аудандық ІІБ КТІЖБ есебінде тұрған оқушы жоқ. Сәтсіз отбасы жоқ. Өгей әке шешемен тұратын оқушы жоқ

2023-2024 жаңа оқу жылында   мектебімізде мектепшілік, аудандық ІІБ КТІЖБ есебінде тұрған оқушы жоқ.Сәтсіз отбасы жоқ. Өгей әке шешемен тұратын оқушы жоқ.

Мектепте 19 бейнебақылау жүйесі орнатылған.Мектептің кірген кезде есікке қарай 1 камера, мектеп ішінде сол жақтағы корпуста 2 камера орналасқан, мектептің оң жақтағы корпуста 2 камера орналасқан, мектептің оң жақтағы корпустағы корридорда 3 камера орналасқан, мектептің шитовойдың ішінде 1 камера орналасқан барлық камера саны 7.Сыртқы камера 12. Мектептің алдыңғы кіре беріс жерінде оң және сол жағына 2 камера орналасқан, мектепке кіре беріс бастапқы есікке қарай орнатылған 1 камера, мектептің стадионына және дәретхана жаққа қарай 2 камера орнатылған, мектеп артына бұрылысының оң және сол жағына 2 камера орнатылған, мектептің мұражайының сыртында 2 камера орнатылған мектептің сыртқы көше жағына 2 камера орнатылған. Ә.Мәмиевтің ескерткіші жақта 1 камера орнатылған. Барлық камера саны 19. Бейнебақылау жүйелерінің жұмысы   дұрыс жолға қойылған. «Сенім жәшігі» комиссия мүшелерінің қатысуымен күнделікті ашылып, актісі арнайы журналға тіркеліп отырады. Мерекелік кезінде және апта сайын мектепте арнай кезекшілік кестесіне сай түнгі  «жасөпірім» рейді  кешкі сағат   20.00-24.00 аралығында жүргізіліп тұрады. Кезекшілік кезінде тіркелген немесе ұсталған оқушылар арнайы даптерге жазылып, ата анасы шақырылып түсіндірме жұмвстары жүүргңзңледі.





«Рухани-адамгершілік  тәрбие» бағыты Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзатттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Жыл сайын қыркүйек айында «Жүректен жүрекке!» қайырымдылық акциясы, қантар айында «Қайырымды Ел» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 1-қазан күні «Қарттарым асыл-қазынам» тақырыбының негізінде Қызыләскер ауылының тұрғыны тыл ардагері Әбдіғұлов Шөжеғұл атаның үйіне барып, қайырымдылық көмек жасалды. 2021-2022 оқу жылында Алматы облысының білім басқармасы ІІ-дәрежелі диплом жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Муқағали Мақатаев оқуларында «Жыр эстафетасы» айдары бойынша 9-сынып оқушысы Әпсемет Жанайым марапатталды. Республикалық Муқағали Мақатаев оқуының «Жыр эстафетасы» айдары бойынша 9-сынып оқушысы Әпсемет Жанайым І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

     2022-2023 жыл  Жамбыл аудандық Есенқұл Жақыпбеков шығармаларын насихаттау бойынша, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту мақсатында өткізілген аудандық «Есенқұл Жақыпбековтың оқулары» байқауына қатысып, «Иллюстрациялық суреттері» номинация бойынша 1-орынды иеленді.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын сақтау бағыты бойынша түрлі іс- шаралар жүргізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен  орнығуы  және жасөспірімдерді дені сау болашақ тәрбиелеуге ықпал  ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыларымызды және мектеп ұжымын да салауатты өмір салтына баулып, баскетболдан, волейболдан, шахматтан, асық ату, тоғыз құмалақтан, футболдан , оқушылар мен мектеп ұжымын салауатты өмір салтына баулуда. Мектептегі оқушыларымыз аймақтық, аудандық, облыстық, республикалық  жарыстарға қатысып, жүлдемен оралуда. Жыл сайын қыркүйек айында мектепте Денсаулық фестивалі өтеді және әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. 

2021-2022 оқу жылы мектепте салауатты өмір салтын насихаттауға арналған, әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ай сайын жоспарлы іс-шаралар өткізіліп,   диктанттар жазылып, қабырға газеттері   ілінді. Сыныптардағы денсаулық бұрышына аурулар туралы ақпараттар ілінді, әр түрлі  тренингтер, жиналыстар, диктанттар, әнгімілер өткізіліп, видеороликтер көрсетілді. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектепте тазалық гигиенасы қатаң қадағаланылады. Мектепте жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында       «Сары ауру – вирусный гепатит «А»», «Туберкулез ауруының алдын алу», «Ішек жұқпалары», «СПИД», «Кене энцефалиті» тақырыбында санбюллетеньдер шығарылды, әр сыныптан диктанттар алынды. 

 «1-Маусым Балаларды қорғау» күніне, 5-7 сынып оқушыларына арналған дене тәрбиесі конкурсы онлайн өткізіліп, бейнежазба түсірді. Короновирус инфекциялық аурулардың алдын алу санбюллетень шығарылып, денсаулық бұрышы толықтырылды. «Короновирус» инфекциялы ауруларының таралуы жөнінде 1-9 сынып оқушыларына 04 наурыз күні дәріс өткізілді. Ондағы мақсат: балаларға жұқпалы арудың алдын алу жолдары мен гигиеналық жеке бастың тазалығын сақтау, күн режимін дұрыс қалыптастыру. Дәріс барысында, аурудың белгілері мен аурудан сақтану шаралары, аурудың белгілері байқалған жағдайда жергілікті емханаға барып тексерілу және дер кезінде дәрігерге қоңырау шалу керектігі нақты түсіндірілді. Мектепте әр перемен кезінде оқу кабинеттер, спорт зал, мәжіліс залы мен дәліздерде сулы тазалық жұмыстар мен кварц қою жұмыстары күшейтілді. 

2021-2022 оқу жылында салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепте «Денсаулық фестивалі-2021» өтті.  Темекі шегуге қарсы көзқарасты қалыптастыруға салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау. Оқушыларға темекі шегудің зияны, зиянды әдеттермен күресу, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша ақпараттар берілді. Қараша айында 6-8 сыныптар «Нашақорлық ғасыр дерті» атты тақырыпта мектеп медбикесі Саймасаева Салтанат лекция оқып, түсіндірме жұмыс жүргізілді. «АҚТҚ/ЖҚТБ: қауіп-қатер дәрежесі, салдары» тақырыпта, денсаулық минутын мектеп медбикесі Саймасаева С оқушыларға түсіндірме жұмыс жүргізді. 

Еңбек, экономикалық  және экологиялық тәрбие. Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. 2021-2022 жылы бойынша   экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығы аясында көркем еңбек пәні мұғалімі мен оқушылар арасында «Менің ауылымның  табиғаты » сурет көрмесін ұйымдастырды. 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ ұжымы мектеп ауласына 5 түп алма ағаштары, 10 түп мәдени раушан гүлдерін отырғызып, көгалдандыру жұмысын жүргізді. 2021-2022 жылы, 15 қыркүйекте 1-4 сынып оқушылары арасында «Әсем табиғат» атты сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және табиғатты қорғау мен аялауға үйрету. Оқушылар табиғаттың тазалығын акция барысында түсінді.  

Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие Мақсаты: тұлғаның жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Жыл сайын Білім күніне арналған, «Ұстаздар күніне арналған» мерекелік іс-шаралар, Жаңа жылдық бағдарламалар, 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «», атты мерекелік кеш, Наурыз мерекесіне арналған, «Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы» атты 1-мамыр Халықаралық бірлік күні мерекесіне арналған іс-шаралар, 7-мамыр Отан қорғаушылар , 9-мамыр  Жеңіс күніне арналған  іс-шаралар ұйымдастырылады. «Әбу Насыр әл-Фараби» туралы бейнебаян, таныстырлымдар әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды.  «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына» орай қашықтықтан байқаулар ұйымдастырылды. 25 мамыр  «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізіледі. 

        2021-2022 оқу жылы  қазан айында  9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай «Ұстаз деген - ұлы есім» атты концерттік іс-шара өтті. Іс-шарада мектеп оқушылары ұстаздарды мерекесімен құттықтап, ән-жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Қазан айының 23 жұлдызында өткен Шоқан Уалиханов орта мектебінің ИПЛ-ның ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы, Ы.Алтынсариннің 180 жыл, М.Мақатаевтың 90 жылдығы, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына барлық сыныптар ашық тәрбие сағаттары өтті Қорытындылай келгенде, тәрбие беру- үздіксіз үрдіс болғандықтан, заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдерге сүйенген тәрбие жұмысын жалғастыра береміз. Осындай жастарды тәрбиелеу, патриот, ұлтжанды, салт-дәстүрін құрметтейтін, мейірімді және адамгершілікті тұлға тәрбиелеу мектеп ұстаздары алдында тұрған міндет болып есептеледі.    

«Жолда жүру ережелері» міндетті  оқу курсын іске асыру

2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасның жалпы орта  білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік  нұсқау хаттан алынған.

 «Жолда жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы  (бұдан әрі - ЖЖЕ)  сынып сағаттарының  есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі электронды сынып журналының сынып сағаттары  бетіне жазылады. 

«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны  

1-4-сыныптарда  әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 

5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сынып сағаты есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады. 

1-8-сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп отыр.

Осы курс аясында   жылдық жұмыс жоспары құрылып    бастауыш, орта буын сынып жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері  және мектеп медбикелері тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспар бойынша біршама іс-шаралар ұйымдастырылды. Абайлаңыз, бағдаршам» тақырыбында өткен іс-шараның 

1-сыныптар арасында қыркүйек айында «Жолда жүру ережелерінің негізгі белгілері» атты тәрбие сағаты жүргізілді. Бұл тәрбие сағаттың мақсаты: 1-сынып оқушыларын жол ережесімен таныстыру, жолда жүру қауіпсіздігін есте сақтауды үйрету.

2 сыныптар   арасында «Абайлаңыз бағдаршам» атты тәрбие сағаты өткізілді.  Бұл тәрбие сағатында әр оқушы жолда қалай жүру керектігін түсінді. Жолдың белгілері туралы түсінік берілді және суреттер салынды. Оқушылар  жолда жүру ережелері туралы ақпараттар алды. Сынып жетекшілері оқушыларға суреттердің көмегімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір жол белгілерінің ерекшелігі мен есте сақтау керектігін ескертілді. 3сыныптар арасында қыркүйек айында  «Жолда жүру ережесін білейік!» атты тәрбие сағаты жүргізілді. Қорытындылай келе әр топ жол ережесіне байланысты әр түрлі   белгілердің  суретін салып, өз ойларымен бөлісті. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйренудің маңызы  жайлы ақпарат алды. 

Бала кауіпсіздігін алдын алуда жолда жүру ережесін есте сактауға,окушыларға жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін уйрету мақсатында 3-4-сыныптарда мектептің окушы тасымалына жауапты мұгалімі Турапова Лаура тарапынан "Жолда жүру ережесін сақтайық!" атты такырыпта түсіндірме жумыстарын жүргізді.Балалар мен ата-аналардың қатысуымен  1-4 сыныптарда көшеде,жолда ,үйде сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша

 1.«Жолда жүру ережесін білейік!»

2.«Жол ережесін сақтайық!»

3.«Әр түрлі апаттардан сақтану жолдары қауіпсіз сабақтар жүргізілді. Акция барысында мектепте   ақпаратты бұрыш ұйымдастырылып,ата-аналарға ақпаратты парақшалар таратылды.

«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны бойынша жүйелі атқарылған іс-шаралар және сынып сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстардың нәтижесінде мектепте төтенше, оқыс оқиғалар, жарақаттану жағдайлары орын алмады.

.